«География сабақтарында АКТ - ны қолдану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семиннар өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 наурыз күні «География сабақтарында АКТ - ны қолдану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті.
Облыстық іс-шара барысында мұғалімдерге география сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 162 педагог қатысты.