9-сыныптарға арналған қорытынды аттестаттау талаптары мен тапсырма құрастыру жолдары» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 5 наурызында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне 9-сыныптардағы қорытынды аттестаттаудың талаптарын, емтихан жұмысының сипаттамасын, балдар мен бағаларды қою үдерісін, емтихан барысында келетін тапсырмалармен жұмыс түрлерін меңгерту, орта білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «9-сыныптарға арналған қорытынды аттестаттау талаптары мен тапсырма құрастыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Іс-шара барысында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейі негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына тоқталып, арнайы тест спецификациясының талаптарына сай балл қою шәкілін түсіндірді.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі екендігі айтылып, емтихан жұмысының сипаттамасы мен бағалау міндеттері бойынша бағалау кестесіне тоқталды.
Облыстық онлайн семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 100 педагог қатысты.