Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

«Білім беру ұйымдарында оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспарымен жұмыс» тақырыбында облыстық семинар өтті

2019 жылдың 21 мамырында Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицей базасында «Білім беру ұйымдарында оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспарымен жұмыс» тақырыбында  облыстық семинар өтті.

Облыстық семинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім мазмұнын үйлестіру және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету орталығының аға ғылыми қызметкері Досмұхамет Анар, облыстық білім басқармасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  басшылары мен бөлім жетекшілері, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары барлығы 500 адам қатысты.

          Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім мазмұнын үйлестіру және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету орталығының аға ғылыми қызметкері Досмұхамет Анар семинарға қатысушыларға 2019-2020 оқу жылында жалпы  білім беру ұйымдары төмендетілген оқу жүктемесі бойынша жұмыстық оқу жоспарларының дидактикалық негіздерін таныстыру және жаңартылған білім беру мазмұнының негізінде жасалған типтік оқу жоспарларын талқылау, түсіндіру жұмыстары туралы толық ақпарат беріп өтті.

Сондай-ақ, білім мекемесінің басшыларына төмендетілген оқу жүктемесі бойынша жасалған үлгілік оқу жоспарлары бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру сатылары бойынша жүргізілуі туралы панельдік талқылау жұмысы жүргізілді.

Іс-шараға қатысушылар 2019-2020 оқу жылында оқу-тәрбие процесінін төмендетілген оқу жүктемесі бойынша жасалған үлгілік оқу жоспарының құрылымымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

«Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары, ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық  онлайн семинар өтті

Жамбыл  облысы әкімдігі білім басқарқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 20 мамырында орыс тілі пәні мұғалімдері үшін «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде «Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары, ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында онлайн режимінде  облыстық семинар өтті.

Аталған іс-шараға 397 педагог  қатысты.

Іс-шара барысында педагогтарға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

  «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПСИХОЛОГІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ  БАЙҚАУ  ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2019 жылдың 13 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында  білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында  «Жылдың үздік психологі» атты облыстық  сырттай байқау өткізілді.

         Байқауға  3 жыл, 3-7 жыл, 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 17 педагог-психологтар қатысты.   

Үш категория бойынша іріктелген облыстық байқауға қатысушы         педагог-психологтар «Психолог тұғырнамасы», «Авторлық бағдарламаның таныстырылымы», «Психолог тәжірибесінен» кезеңдерінде шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

          Қазылар алқасы педагог-психологтардың өз саласының теориясы мен әдістемесіне, кәсіби шеберлігінің деңгейі мен қызметінің қазіргі заман талабына  сай ерекшеліктеріне және тәжірибеде педагогикалық-психологиялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударды.

Облыстық байқауда жеңімпаз атанған педагог-психологтар республикалық кезеңге қатысатын болады.

         

«Менің ОтанымҚазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слет өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен       2019 жылдың 17 мамыр күні «Менің ОтанымҚазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті  Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылы, Б.Бесбаев мектеп-гимназиясының базасында және  Қарасай шатқалында өткізілді.

Менің ОтанымҚазақстан» Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың отаншылдық сезімдерін дамыту, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен  салауатты  өмір  салтын  насихаттау.

         Слет келесі блоктар мен номинациялар бойынша өткізілді:

       «Команданың визит карточкасы» байқауы, «Туған өлке соқпақтары» номинациясы, «Экологиялық есеп беру» – экологиялық экспедицияның презентациясы, «Экологиялық соқпақ» соқпағын өте отырып, жергілікті жерге бақылау және зерттеу жүргізуі, дәрілік өсімдіктерді зерттеуі, «Біріктірілген туризм» бұнда кросс-жорық жүргізілді. Кросс-жорық туристік жорық ретінде өткізілді, оған туристік техника және тактика, бағдарлау, топография, алғашқы медициналық көмек көрсету, жартасқа шығу және құтқару жұмысының элементтері кіреді. Бағдар кезінде топ өз бетінше қашықтықты қауіпсіз өту жолдары мен тактикасын таңдап, әр түрлі қиындықтарды жеңуге машықтанады.

      Аталған іс-шараға барлығы 135  оқушы  қатысты.                                                      

«Көшбасшы әдіскер» атты облыстық байқауы өтті

2019 жылдың 15-17 мамыр күндері облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Көшбасшы әдіскер» облыстық байқауы өтті. Байқауға бөбекжай-бақшалардан, шағын орталықтардан және жекеменшік балабақшалардан барлығы 26 педагог қатысып, өзара білімдерімен сайысқа түсті.

Байқаудың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскерлердің кәсіби шығармашылығын ынталандыру, жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.