Әдістемелік күн өтті
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында 2019 жылдың 3 мамырында облыстың білім беру саласының басшыларына арналған Әдістемелік күн өткізді.
Іс-шараға облыстық білім басқармасының басшысы мен жауапты мамандар, облыстық оқу-әдістемелік кабинет әдіскерлері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары, аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің директорлары, орынбасарлары, барлығы 326 адам қатысты.
Әдістемелік күн барысында қатысушыларға Астана, Қызылорда, Шымкент және Тараз қалаларының тренерлері "Мектепішілік әдістемелік активтің жұмысын ұйымдастыру", "Педагогтарды кәсіби дамыту бойынша жетекші және серіктес мектептердің желілік өзара әрекеттестігі", "Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу жағдайында мектеп ішіндегі өзгерістерді басқару" және "Критериалды бағалау жүйесі" атты диалог алаңдарының жұмысы аясында ақпараттық-әдістемелік көмектер берсе, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері "Бастауыш мектепте дүниетану және математика сабақтарында критериалды бағалауды қолдану", "Формативті және жиынтық бағалау бойынша тапсырмаларды әзірлеу" тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді, сонымен қатар пилоттық мектеп мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.