Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

АСТАНА – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИМВОЛЫ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ҚР Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай 2018 жылдың 30 наурыз күні мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында «Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Іс-шара Елорданың тарихи маңызын айқындау, татулық пен бейбітшіліктің символына айналған бас қаламыздың заманауи келбетін педагогтар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. 
Конференция жұмысына ЖОО-ның ғалымдары, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, пән мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары, барлығы 260 педагог қатысты.

«Жоспарлау және рефлексия» тақырыбында облыстық

семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  «Назарбаев Зияткерлік  мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз  қаласындағы филиалымен  бірлесе отырып, 2018 жылдың  30 наурыз күні  Т.Рысқұлов ауданы     №1 мектеп-лицейінің   базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Жоспарлау  және рефлексия» тақырыбында  облыстық семинар-практикум өткізді.  

Аталған іс-шараға  84  педагог қатысты.

Семинар-практикумда бастауыш сынып  мұғалімдері сабақты жоспарлау  үдерісінің ерекшеліктері, қысқа мерзімді жоспарды құрастыруда басшылыққа алатын талаптар, оқу мақсаты және берілген тапсырмаға сәйкес қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізу жолдары, сабақтағы оқушы рефлексиясы мен сабақтан кейінгі мұғалімнің рефлексиясы бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

«Техникалық және кәсіптік білім берудегі жас маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылы 14 наурызда «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жас маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар-тренинг болып өтті. Іс-шараға барлығы 68 педагог қатысты.

Семинар-тренингте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогикалық шеберлігін дамыту мәселелері талқыланды.

«Бастауыш сыныпта критериалды бағалау жүйесінің тиімді жолдары»

тақырыбында аймақтық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2018 жылдың 28 наурыз күні  «Бастауыш сыныпта критериалды бағалау жүйесінің тиімді жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық  білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін аймақтық семинар-практикум өтті.

Аталған іс-шараға  45  педагог  қатысты.

Семинар-практикумда мұғалімдер оқыту  үрдісінде критериалды бағалауды тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды дидактикалық таратпалы  материалдармен қамтамасыз етілді.

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ: БІРІЗДІЛІК ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ

Үстіміздегі жылдың 13 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында www.sabak.kzсайты Zhambil_obl_UMC бөлмесінде «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие: бірізділік және сабақтастық» тақырыбында онлайн режимінде облыстық  әдістемелік семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға  2481 педагог (аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің тәрбие  жұмысына  жауапты  әдіскерлер,  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілер)  қатысты.  
Семинарға қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер  алды, заманауи тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті және тәжірибе алмасты. Жиын соңында қатысушыларға электронды таратпалы материалдар ұсынылды.