«Сабақтағы сапалы қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың негізі» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2018 жылдың 13 наурыз күні «Сабақтағы сапалы қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың негізі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін онлайн режимінде облыстық семинар өтті.
Аталған іс-шараға 930 педагог қатысты.
Онлайн семинарда мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудағы белсенді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану туралы мәлімет алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.