ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«Семей полигонының жабылуына 30 жыл» тақырыбында   бірыңғай сынып сағаттары өтті

              2021 жылдың   1-30 наурыз   күндері  білім  беру ұйымдарының кітапханаларында «Семей полигонының жабылуына 30 жыл» атты бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.

  Іс шараның мақсаты - оқушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ,  ядролық қарулардың адамзат баласына тигізетін ауыр зардаптары туралы мәліметтер беру.  

         Аталған іс шараға барлығы 442 мектептің оқушылары қамтылды.

 Мектепалды даярлық сынып педагогтері үшін  облыстық онлайн семинар өтті

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 30 наурыз күні мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған «Ойын іс-әрекеттері арқылы мектепалды даярлық сыныптағы балалардың интеллектуалды дамуын қалыптастыру» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн семинар өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен білім беру процесін  ұйымдастырудың ерекшеліктерін жетілдіру және балалардың интеллектуалдық және креативтік қабілеттерін дамыту жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға облыстың  118 педагогі қамтылды.

«Парасатты қоғам – мемлекет болашағының негізі» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыс әкімдігінің білім басқармасы мен Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін-пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 2021 жылдың 29 наурыз күні жалпы орта білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Парасатты қоғам – мемлекет болашағының негізі» атты облыстық пікірсайыс турнирін өткізді.

          Іс-шараның мақсаты – егеменді еліміздің белсенді білім алушыларының Қазақ мемлекеттілігі, Тәуелсіздік құндылықтары мен Мәңгілік ел идеясы аясындағы парасаттылық туралы ойларын бір арнаға тоғыстыру, құқықтық сауаттылығын арттыру.

          Турнир барысында оқушылар қоғамның өзекті мәселелері мен оны шешу жолдары, азаматтық жауапкершілік, парасаттылық, әлеуметтік мәселелер аясында ойларын ортаға салып, тың идеялар ұсынды.                  Іс-шарада өскелең ұрпақтың бойында парасаттылық мәдениеті, тіл тазалығы, адамгершілік құндылықтары көрініс тауып шыңдалды, турнир барысында жастар ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. 

Пікірсайыс турнирі нәтижесінде І орынды дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация»    лицей-интернатының «Дегдар» фракциясы, ІІ орынды Шу ауданы Жамбыл атындағы гимназияның «ARLANS» фракциясы, ІІІ орынды Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназияның «Парасат» фракциясы иеленді. Меркі ауданы №48 орта метептің «НАТО» фракциясы «Үздік талпыныс» номинациясының, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің               4 курс  студенті Сәбит Ерзат «Үздік төреші» номинацияларының иегері атанды.

Облыстық пікірсайыс турниріне облыс мектептерінен                      11 команда, 22 оқушы қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

«География пәнінен ҰБТ тапсырмалары бойынша  жұмысты үйлестіру тиімділігі» тақырыбында қашықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың  29 наурыз  күні «География пәнінен ҰБТ тапсырмалары бойынша  жұмысты үйлестіру тиімділігі» тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға  223  педагог  қатысты.

          Вебинар барысында оқушыларды ҰБТ – ға дайындауда оқыту процесін тиімді, жүйелі ұйымдастыруды арттыру арқылы контекст негізіндегі тапсырмалар пән бойынша терең білімді (меңгерудің жоғары деңгейі), контекстті оқу мен түсіну, контекст мазмұны бойынша рефлексия жасау, салыстыру мен талдау және т.б. кең көлемдегі дағдылар мен біліктерді бағалайтынын, оның негізіндегі тапсырмаларға тәжірибе мен нәтижеге бағыттау жолдары  көрсетіліп, ақпараттық әдістемелік  көмек көрсетіліп, әдістемелік кеңестер ұсынылды.

«Шығармашылық ізденіс – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

2021 жылдың 26 наурыз күні  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында республикалық «Үздік педагог-2015» байқауының жеңімпазы, Қордай ауданы, Б.Бөлтірікова атындағы №4 мектеп-лицейдің орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.А.Бахрамованың «Шығармашылық ізденіс – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өткізілді.

Іс-шара барысында С.Бахрамова  педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен, «Шығармашылық ізденіс - мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбында педагогтерге шығармашылық жұмыспен айналысудың заманауи үлгілері мен жолдарын ұсына отырып, дарынды оқушыны анықтау, пән олимпиадасына дайындау және  авторлық бағдарлама жазудың тиімді жолдары туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 162 педагог қатысты.