ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

 Мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін  облыстық онлайн семинар өтті

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 16 наурыз күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн семинар өтті.

Семинарда Тараз қаласы, №28 бөбекжай-бақшасының әдістемелік жұмыс жүйелері тыңдалды. Іс-шара барысында отбасындағы адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы және педагогтердің инновациялық іс-әрекетін жоспарлау ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға облыстың  107 педагогі қамтылды.

ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ

2021 жылдың 16 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Білім саласындағы олқылықтарды жою, халықаралық зерттеулерге тиісті деңгейдегі дайындықты ұйымдастыру, педагогтерді ақпараттық-әдістемелік қолдау бойынша аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеті меңгерушілерінің қатысуымен онлайн-кеңес өтті.

Облыстық онлайн-кеңеске 12 адам қатысты.

          Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілеріне «Оқуға құштар мектеп» жобасын және даталы күндерге іс-шаралар ұйымдастыру, оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және оларды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар, педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру жұмыстары, халықаралық зерттеулер мен қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, жетекші мектептердің жұмысын үйлестіру және білім мекемелерінің педагогтерін әдістемелік қолдау жұмыстарын инновациялық бағытта дамыту бойынша жұмыстардың жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ, Байзақ, Қордай аудандары білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері білім беру ұйымдарына, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.

 

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың                 12 наурыз күні Жетекші мектептердің пән мұғалімдеріне арналған  «Серіктес мектептерге оқу процесінде критериалды бағалауды енгізуге қолдау көрсету»  тақырыбында тренинг өткізді. Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен семинарға  193 педагог қатысты.

Іс-шара барысында семинар қатысушылары қашықтан білім беру жағдайында оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін факторлар, табысты сабақ критерийлер, оқытудың белсенді әдістері, төңкерілген оқыту әдісі бойынша тәжірибе алмасты. 

"Поэтическое наследие Жамбыла и актуальные проблемы жамбыловедения" тақырыбында облыстық конференция өтті

2021 жылдың 16 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Поэтическое наследие Жамбыла и актуальные проблемы жамбыловедения» тақырыбында облыстық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – жыр дүлдүлі, айтыс өнерінің дарабозы Жамбыл Жабаевтың өмір жолын, шығармаларын насихаттауды жандандыру, еңбектерін зерттеу.

Іс-шарада М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Русская филология» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. А.Шуканов «Творчество Жамбыла в русской критике» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция барысында педагогтарға Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, оның шығармалары арқылы оқушыларды патриоттық тәрбиелеу негіздері, ақынның өлеңдері мен өлеңдеріндегі қанатты, бейнелі сөздер, даналық негіздері туралы ақпарат беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.  

Іс-шараға жоғары оқу орнының ғалымдары, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 170 педагог қатысты.

 

Тәжірибе алмасты

 2021 жылдың 11 наурыз күні Түркістан облысы «Адами әлеуетті дамыту басқармасының әдістемелік орталығы» директорының инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары М.Ж.Жансейітқызы мен орталық әдіскерлері Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында іс сапармен облысқа келді.

Түркістандық әріптестер облыстық-оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс бағыттарымен, білім сапасын арттыруға негізделген жобалармен, педагогтардың шеберханасымен, халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстарының жүйесімен, педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудағы ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеудің түрлі тәсілдерімен танысты.