«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы – білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің негізі» тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикум өтті
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2021 жылдың 19 наурыз күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы – білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикум барысында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, педагогтар өзара сабақтары мен шеберлік сыныптарымен бөлісті.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 97 педагог қатысты.