Облыстық онлайн-жиналыс өтті
2020 жылдың 11 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы» бойынша аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеті меңгерушілерінің қатысуымен онлайн-жиналыс өтті. Онлайн-жиналысқа 12 адам қатысты.
Онлайн-жиналыс барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілеріне Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы және білім мекемелерінің педагогтерін әдістемелік қолдау жұмыстарын инновациялық бағытта дамыту бойынша бірқатар жұмыстардың жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтты.
Жуалы, Қордай және Мойынқұм аудандарының әдістемелік кабинет меңгерушілері Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту аясында әдістемелік кабинеттердің жұмысы туралы және алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілетін жұмыстарының орындалуы туралы баяндап, қатысушылармен өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.