«СабақTime» жобасы аясында «Қазақ тілі» пәнін меңгеруде тілдік дағдыларды дамыту ерекшеліктері» атты облыстық ашық сабақтар циклы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 18 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі педагогтері Тараз қаласы №36 орта мектебінің 8-10 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шараның теориялық бөлімінде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары сөз етілді.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану жолдарын таныстырып, пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтер Байзақ ауданы, Бурыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Жұмаділова 9-сыныпқа «Ғаламтор желісінің мүмкіндіктері», Шу ауданы, Жібек жолы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Адамбекова, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Жаппарова 9-сыныпқа Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтемін!», Жуалы ауданы, №27 Диқан орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Момбаева 8-сыныпқа «Жасөспірім мінезінің қалыптасауы», Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Телбаева 8-сыныпқа «Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануы», Меркі ауданы, №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Мұсаева, Жамбыл ауданы, Гродеково орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Байназарова 10-сыныпқа Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі, Қордай ауданы, М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Ахметова 8-сыныпқа «Отбасындағы тәрбие-жасөспірім үшін заң» тақырыптарында ашық сабақтар өтті.