Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен даналықтың жауһары, даралықтың тарланы, ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, өмір жолын, шығармаларын насихаттау, еңбектерін зерттеу мақсатында «Жамбылдың ақындық мұрасы және жамбылтанудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұқашев Темірбай Әлиұлы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Саламатова Рахат Маханбетжанқызы қатысып, Жамбыл Жабаевтың ақындық шеберлігі мен өзіндік ерекшелігін ашып көрсетті. Өлеңдеріне әдеби талдау жасай отырып, оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу қажеттігіне тоқталды.
Облысымыздың тәжірибелі ұстаздары Жамбыл жырлары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негіздерін атап көрсетіп, ақын поэмалары мен өлеңдеріндегі қанатты, бейнелі сөздерін кеңінен насихаттады.
Облыстық ғылыми-практикалық конференцияға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 297 педагог қатысты.
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына «ХХ ғасырдың Гомері», жыр жампозы, поэзия тарланы, ғасыр ақынының өмірі мен шығармашылығын жастар арасында насихаттау, оның ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге үйрету мақсатында 2021 жылдың 26 ақпанында Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында «Ғасырлық ғұмыр тағылымы» тақырыбындағы Жамбыл оқулары байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 26 ақпанында «Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру-басты талап» атты облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты білім бөлімдерінің және басқармаға қарасты мектептердің 44 әдіскер мамандары қатысты.
«SMART мақсат қою және тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында вебинар өтті
«Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті