«9 сыныптарда тарих пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне вебинар өтті
2021 жылдың 24 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдеріне арналған «9 сыныптарда тарих пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті.
Іс-шара барысында тарих пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері, форматқа енгізілген өзгерістер, емтихан жұмыстарының сипаттамасы, балл қою кестесі, тапсырмаларды құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер, 148 тарих пәні мұғалімі, барлығы 159 педагог қатысты.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
«Алаштың ардағы Ыбырай Алтынсариннің жүріп өткен жолымен...» тақырыбында облыстық танымдық сағаты өтті
«География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда PISA тапсырмаларының ерекшелігі» тақырыбында қашықтан вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне 2021 жылдың 24 ақпанында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған білім алушылардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін үдеріс - білім алушыларды қорытынды аттестаттау емтиханының сипаттамалары мен талаптарын меңгерту мақсатында «9 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті (Т1, Т2) пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.