Мектепалды даярлық сынып педагогтері үшін облыстық онлайн вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 24 ақпан күні мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған «Педагогтің көшбасшылығы және педагогикалық қоғамдастықпен өзара әрекеттесуі» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.
Іс-шара барысында педагог пен тәрбиеленушінің педагогикалық үрдістегі өзара белсенділігі және педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.
Аталған іс-шараға облыстың 171 педагогі қамтылды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымдарының кітапханаларында Сара Назарбаеваның 80 жас мерейтойына орай «Мейірімін төккен ана», «Алтын жүректі ана», Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Жүз жасаған бәйтерек» тақырыптарында виртуалды көрмелер, «Кітап оқып сурет сал» байқауы, 6-7 сынып оқушылары арасында «Ең үздік оқырмандар» байқауы, 4-сыныптар арасында «Кітап-ақылшы, сенімді дос» атты шығарма байқауы, «Алақандағы кітап» атты 3 - сыныптар арасында оқу, әрі тыңдау сабақтары ұйымдастырылып, «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында QR-кодталған кітаптар оқырмандарға таратылды.
«Қысқы мектеп» жобасы аясында физика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті
«9 сыныптарда география пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында қашықтан вебинар өтті