«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті
2020 жылдың 25 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің тәжірибелі мұғалімі Сауытбай Рустем Серікұлы «Геометрия сабағында Quizizz платформасын тиімді қолдану» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сынып өтті.
Іс-шара барысында Quizizz платформасы арқылы геометрия сабағында топтық жұмыс жасау, бағалау және тест тапсырмаларын ұйымдастырудың тиімді әдіс- тәсілдерін көрсетті.
Аталған іс-шараға облыстың 226 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жиынтық бағалау тапсырмаларының құрылымы мен шектеу шаралары жағдайында оқыту кезеңіндегі қалыптастырушы бағалауды қолдану критерийлерін меңгерту мақсатында 2020 жылдың 25 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері» тақырыбында онлайн вебинар өтті.
Облыстық онлайн-жиналыс өтті
«Жаңа ақпараттық технология құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті
«Әл-Фараби – өркениет философы» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті