«Халық қаҺарманы Бауыржан Момышұлы: ұмытылмас ерлігі мен тағылымдық мұрасы» тақырыбында облыстық конференция өтті
2020 жылдың 21 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, Халық қаҺарманы Б.Момышұлының 110 жылдығына орай тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Халық қаҺарманы Бауыржан Момышұлы: ұмытылмас ерлігі мен тағылымдық мұрасы» тақырыбында облыстық конференция өтті.
Іс-шараның мақсаты – Кеңес Одағының батыры, Халық қаҺарманы Б.Момышұлының өмір жолын, ерлігін, еңбектерін, тарихи мұрасын насихаттау.
Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Т.Мұқашев, «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Н.Мырзаханова, Жуалы ауданы Б.Момышұлы атындағы музейдің экскурсия жетекшісі Ұ.Исмаилова қатысты.
Облыстық конференция барысында педагогтарға Бауыржан Момышұлының өмір жолы, тарихи мұрасы, әдеби шығармалары, даңқты батыр, қолбасшының Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, соғыс кезіндегі әскери тактикасы, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы еңбектері, өсиет сөздері туралы ақпарат беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер, 189 тарих пәнінің мұғалімі, барлығы 200 педагог қатысты.
«География сабақтарын қашықтан оқыту барысында критериалды бағалауды жүргізудің тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде облыстық шеберлік сынып өтті
«Қысқы мектеп» жобасы аясында география пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті
Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған 5-11 сынып оқушылары арасында «Бауыржан Момышұлы - тұлға, азамат, стратег» TEDх форматындағы конференция өтті
«Оқыту үдерісінде графикалық органайзерлерді тиімді қолдану жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті