Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«БАЛА ТӘРБИЕСІ: ҚОҒАМ НАЗАРЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ!» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ

ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

2025 жылдың 22 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі» атты облыстық оқыту семинары өтті.

Іс-шараға 297 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Облыстық оқыту семинарының барысында қатысушыларға "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталуы, 9, 11 сынып  білім алушылары үшін бітіру емтихандары мен мемлекеттік бітіру емтихандарының өткізілу нысандары, қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9, 11 сыныптардың білім алушылары жіберілуі, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсыратыны оның біреуі таңдау бойынша, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11  сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсыратыны олардың біреуі таңдау бойынша екені, сондай-ақ білім алушылардың қорытынды аттестаттаудан босатылу талаптары, қорытынды аттестаттаудан босатылған білім алушылардың қорытынды бағасы ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде қойылатыны туралы ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.

          Сонымен қатар, мектеп тәжірибесінде қорытынды аттестаттаудың жүйелі өткізілуі бойынша мемлекеттік емтихандарға оқушыларды дайындау түрлері, топтық және жеке дайындық, логикалық сұрақтарды талдау, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар, сұрақтармен жұмыс жүргізуде тиімді тәсілдерді қолдану туралы мазмұнды ақпараттар берілді.

Семинар қорытындысында қатысушыларды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу бағытында материалдар электонды, қағаз түрінде таратылды.

Инстаграмм: https://www.instagram.com/p/DIwP2mEIMPU/?img_index=3&igsh=MW50NGtzbmIzdnUxdw==

Фейсбук: https://www.facebook.com/share/p/18Vx9SCdFY/

«Ұлы Жеңіс тарихы: тарихи сана мен даңқты батырларымыздың ерлігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті

2025 жылдың 6 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай Ұлы Жеңіске үлес қосқан батырлардың ерлігі мен қайсарлығын, ұлтжандылық рух пен ұрпақтар сабақтасытығын насихаттау мақсатында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Ұлы Жеңіс тарихы: тарихи сана мен даңқты батырларымыздың ерлігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында есімдері тарих бетіне жазылған Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлының, Ақәділ Суханбаевтың, Халық қаһарманы Ыбырайым Сүлейменовтың және қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, даңқты батырларымыз бен жерлестеріміздің, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы өшпес ерліктері туралы ғалымдардың пайымдары айтылып, ел тарихындағы батырларымызға құрмет көрсетіліп, тұлғалардың өмірдеректері, ерліктері жайлы тың деректер ұсынылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәнінің мұғалімдері, барлығы 138 педагог қатысты.

«Тарих сабағында цифрлық ресурстар мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2025 жылдың 13 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мақсатты мектептер» жобасы аясында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабағында цифрлық ресурстар мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Іс-шараның мақсаты – тарих сабақтарында цифрлық ресурстарды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін және сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдарын ұсыну.

Семинар-практикум барысында педагогтерге сабақты жоспарлау мен тапсырмаларды әзірлеу барысында қолданылатын ресурстар, платформалардың түрлері мен тиімділігі, электронды оқулықтар, жасанды интеллект мүмкіндіктері, ғылыми жобаларды әзірлеуде цифрлық ресурстарды қолдану  бойынша шеберлік сыныбы көрсетіліп, әдістемелік ұсынымдар берілді.

Іс-шараға тарих пәнінің және «Мақсатты мектептер» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 98 педагог қатысты.

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

           Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушыларына  кәсіби бағдар беру мақсатында  2025 жылдың 8 мамыр күні  «Баланың бақыт формуласы – сүйікті  мамандығы» атты ақпараттық кездесу өткізді.

       Іс-шараға 11 сынып оқушылары, ата-аналар, кәсіби бағдар беру педагогтері, барлығы 1500  адам қатысты.  

Іс-шара барысында «Bolashaq» академиясының  18 білім беру бағдарламалары аясында білім бакалавры дәрежесінде мамандар даярлау, Дуальді  білім беру жүйесін енгізу мақсатында кафедралардың жұмысы, онда оқу сабақтары, ғылыми зерттеулер және студенттердің кәсіби практикасы, жатақханамен қамтамасыз ету туралы ақпараттық-әдістемелік түсіндіру жүргізілді.