«Мейірімді жандар» атты облыстық сырттай фестиваль өткізілуде
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану» пәнінің он күндіктері аясында Назарбаева Сара Алпысқызының 80 жасына орай «Мейірімді жандар» атты сырттай облыстық фестиваль өткізілуде.
«Өзін-өзі тану» пәні педагогтарының рухани-адамгершілік, ізгілік қасиеттерін және әлеуметтік-мәдени тәжірибесін насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан іс-шараға облыс педагогтары қатысуда.
Фестиваль аясында «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарының шеберліктері, дағдылары және шығармашылықтарының сан қырлы мүмкіндіктері көрініс табуда.
«Қашықтан оқыту кезінде ата-аналармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық вебинар өтті
«Оқу сауаттылығындағы күрделі мәтіндердің шешімін табудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі» жобасына енген Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін 2021 жылдың 11 ақпанында «Педагог мәртебесі туралы заңы: мазмұны мен тәжірибесі» тақырыбында онлайн режимінде вебинар өтті.