«Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті
2021 жылдың 5 ақпан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 157 педагог қатысты.
Вебинарға қатысушылар тәрбиенің басым бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.
«Алтын жүрек анамыз» тақырыбында облыстық ашық сабақтар шеруі өтті
«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 5 ақпанында Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ағымдағы жылдың І жартыжылдығында жоспарланған профилактикалық бақылаудан өтетін жалпы білім беретін мектеп (облыс бойынша 14 мектеп) директорларының оқу ісі және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқу -тәрбие үрдісін ұйымдастыруда әдістемелік қызметтің сапасын арттыру» атты облыстық вебинар өтті. Вебинарға 14 мектептен жалпы 33 адам қатысты.
«Қашықтықтан оқыту жағдайында үшінші, төртінші тоқсандардағы оқу процесін жоспарлау» тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған қашықтықтан вебинар өтті