«Мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру жолдары» тақырыбында вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 11 қараша күні «Мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру жолдары тақырыбында «Ауыл мектебі» жобасына енген Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті.
Облыстық онлайн вебинарға 7 педагог қатысты.
Іс-шара барысында география пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру, құзіреттілігін арттыру, тәлімгерлікті жүзеге асыруда педагогтерге қойылатын талаптар, педагог мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды.
«Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық қақтығыстарды шешу мен алдын алу шараларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар (zoom бейнебайланыс режимінде) өтті
«Инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті
«Педагог мәртебесі туралы Заңы: мазмұны мен тәжірибе» тақырыбында вебинар өтті
Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарының математика – жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне тәжірибе алмасу вебинары өтті.