«Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру бағытында логикалық есептерді шығарудың тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 15 қыркүйек күні «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру бағытында логикалық есептерді шығарудың тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.
Облыстық іс-шара барысында география пәні бойынша оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда тапсырмалардағы логикалық есептерді шешу жолдары бойынша тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылып, ақпараттық – әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 186 педагог қатысты.
ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 17.08.2023 жылғы №5-04/4977 хатына сәйкес, 2023 жылдың 29 тамыз күні Тараз қаласы, №3 мектеп-лицейінің базасында аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлеріне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған “Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Аталған іс-шараға Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарынан және Тараз қаласынан барлығы 197 педагог қатысты.
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ӨТТІ
Информатика пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік сессия өтті