«ЖАҢАРУ ЖАРШЫСЫ-2023» ЖЕТЕКШІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ІV ӨҢІРАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
Жамбыл облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы бірлесіп, 2023 жылдың 12 мамырында жоғары кәсіби педагогикалық қоғамдастығын құру арқылы жетекші мектептер педагогтерінің, оның ішінде жас педагогтардың жұмыс тәжірибесімен алмасу және өзара әрекеттесу алаңын құру мақсатында «Жаңару жаршысы-2023» атты жетекші мектептердің ІV өңіраралық форумын өткізді.
Форумға Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының жетекші мектептерінің педагогтері, облыстық, аудандық оқу-әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз, Талдықорған, Қызылорда, Шымкент қаласындағы филиалының қызметкерлері, барлығы 300 білім қызметкері қатысты.
Өңірдегі жетекші мектептердің өзара тәжірибе алмасуы мақсатында «Жетекші мектептердің кәсіби қоғамдастықтарының табысты тәжірибесі» атты көрме ұйымдастырылды.
Өңіраралық форумның жұмысы «Жетекші мектеп: табыстылық траекториясы» тақырыбындағы пленарлық бөлімінде ашық мінбеде педагогтер жаңашыл идеяларымен бөлісіп, түрлі өңірден келген педагогтердің іс-тәжірибе алмасуына бағытталған территориялық отырыстармен жалғасты.
Сондай-ақ форум аясында «Өзгерістерді басқару: механизмдер, құралдар, ресурстар» тақырыбында жетекші мектеп басшыларымен нетворкинг жұмысы және «Педагогикалық қоғамдастық: мәселелер мен шешімдер» тақырыбында питч-сессия ұйымдастырылды.
«Жаңару жаршысы-2023» жетекші мектептердің ІV өңіраралық форумының жұмысы қатысушылардың «Форум барометрі» кері байланысымен қорытындыланды.