Новости - Оқу-әдістемелік кабинет

Новости

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Үздіктен үйрен» жобасын жүзеге асырып, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін көпшілікке танытуда.
2023 жылдың 3 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерованың қатысуымен жас педагогтердің кәсіби қызметін қолдап, тәжірибелі мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ықпал ету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының директоры және үздік педагогтерімен кездесу өтті. Бұл мектеп- үздік ұстаздар ұстаханасы. Себебі, мектептің 6 бірдей ұстазы - «Үздік педагог» атағының иегерлері. Олар: М.Талқанбаев, Б.Дүйсенбаев, Н.Қиялбеков, С.Айдарбекова, Ж.Досыбаев, Н.Давлетбаев.
Ұстаздың басты міндеті – сапалы білім беру. Осы жолда қалтқысыз еңбек етіп, шығармашылық ізденісте жүрген мұғалімдер жеңістерге жол бастайды. Жиын барысында педагогтермен «1+10» тәлімгерлік жобасы, «SABAKTIME» жобасын жүзеге асыру жолдары, үздіктердің мақсат-міндеттері мен алға қойған жоспарлары талқыланды.

«Особенности уровневого обучения русскому языку в школах с нерусским языком обучения»
тақырыбында облыстық вебинар өтті
2022 жылдың 7 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық вебинар өтіп, орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілін деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері, тәсілдері мен принциптері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 100 педагог қатысты.

                                        Облыстық вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2022 жылдың 4 қазан күні «Бастауыш білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн режимінде вебинар өткізді.
Аталған іс-шараға Т.Рысқұлов ауданы мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері және бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 319 педагог қатысты.
Облыстық вебинар қатысушылары ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына сәйкес 2-қосымша «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», бастауыш білім беру бағдарламаларының құрылымы мен басымдықтары, пәндер бойынша БЖБ, ТЖБ жүргізу тәртібі, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрастыру барысында басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру, 1-4-сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» мен «Жолда жүру ережелері» курстарын іске асыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

Информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін сандық құралдарды пайдалану» тақырыбында вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 7 қазан күні информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін сандық құралдарды пайдалану» тақырыбында вебинар өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 87 педагог қатысты.
Іс-шара барысында оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында сандық білім беру платформасының ерекшеліктері, кері байланыс жасауда сандық ресурстарды тиімді пайдалану жолдары көрсетіліп, тәжірибе бөлісті.

                                          Облыстық шеберлік сынып өтті

2022 жылдың 4 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «Кітапхана жұмысы: жаңа ізденіс, жаңа талап. Мектеп кітапханасында өткізілетін көпшілік жұмыс түрлері және оларды ұйымдастыру әдістері» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті.
Аталған іс-шара жаңадан тағайындалған кітапхана қызметкерлері үшін білім беру мекемелері кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру, заманауи оқырман талабына сай кітапхана қызметін тиімді ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілді.
Іс-шараға 72 кітапхана қызметкерлері қатысты.