Новости - Оқу-әдістемелік кабинет

Новости

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 17 сәуірінде мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Ұлттық бірыңғай тестілеуге білім алушыларды дайындаудың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық оқыту семинарын өткізді.

 Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 375 адам қатысты.

Облыстық оқыту семинарының барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы» А.А.Назарбекова қатысып, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысудың нормативтері, тестілеу қағидалары, грантқа құжаттарды қабылдаудың мерзімі, ағымдағы жылы өтетін ҰБТ форматының ерекшеліктері  туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, семинар барысында ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізілуінің әдістері, байқау тестілеулерінің нәтижелеріне сәйкес талдау жасау, мониторинг жүргізу түрлері, топтық және жеке дайындық, логикалық сұрақтарды талдау, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар, сұрақтармен жұмыс жүргізуде тиімді тәсілдерді қолдану туралы мазмұнды ақпараттар беріліп, қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету бағытында @dulaty_priemka сайтына сілтеме берілді.

    

«Шоқан Уәлиханов: Өмірдеректері. Еңбектері. Мұрасы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті

 2025 жылдың 11 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына орай тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Шоқан Уәлиханов: Өмірдеректері. Еңбектері. Мұрасы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың еңбектері мен мұрасын насихаттау.

Іс-шараға Алматы қаласы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас сарапшысы, жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., қауымдастырылған  профессор Ә.Қ.Шашаев, Жетісу облысы М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінің меңгерушісі М.О.Рахатова, экскурсия жетекшісі  М.І.Жакупова қатысты.

 Дөңгелек үстел барысында педагогтерге Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен өнегелі мұрасы, ғылым саласының дамуына қосқан үлесі, ғылыми еңбектері туралы ақпарат беріліп, педагогтер өзара ой-пікірлерімен бөлісіп, шеберлік сыныптарын көрсетті.

Іс-шараға ЖОО ғалымдары мен оқытушылары, музей қызметкерлері, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдері, барлығы 138 педагог қызметкер қатысты.

 

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

       Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің білім беру бағдарламасына сәйкес сапалы, жоғары білім алу мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында білім беру ұйымдарының 11- сынып оқушыларына  2025 жылдың 3-8  сәуір аралығында «Мамандық–болашақтың кепілі» атты ақпараттық кездесу өтті.

       Іс-шараға 9-11 сынып оқушылары, ата-аналар, кәсіби бағдар беру педагогтері, барлығы 13 644  адам қатысты. 

Іс-шара барысында «Серпін – 2050» бағдарламасын, сондай-ақ АҚШ-тың Тусон қаласындағы Аризона университетімен бірлескен қос дипломды бағдарламаларды, Солтүстік Қазақстан университетіне оқуға түсу мүмкіндіктері, Мемлекеттік білім беру гранттары, 160 –тан астам білім беру бағдарламалары, білім гранты мен шәкіртақы, заманауи жабдықталған зертхана, кепілдендірілген жұмыс орны туралы ақпараттық-әдістемелік түсіндіру жүргізілді.

   

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНА ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

 2025 жылдың 10 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М.А.Нысанбаевтың қатысуымен Тараз қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның базасында «Білім берудегі өзгерістер: инновацияға бетбұрыс және заманауи білім тенденциялары» атты облыстық дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты – мектеп басшыларының басқару мәдениетін дамыту бағытында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырылуы,  педагогикалық әдеп нормаларының негізгі принциптерін ұғынуы,  әділдік, адалдық, жауапкершілік және құрмет сияқты құндылықтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек беру.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасына қатысқан педагог қызметкерлер, барлығы 35 адам қатысты.

            Облыстық дөңгелек үстел барысында «Заманауи білім: тенденциялары  және инновациялары», «Мектепті басқару стратегиялары», «Білім беру ұйымын басқарудың тиімді қадамдары» тақырыптарында тәжірибелік презентациялар ұсынылып, мектепті дамытудағы заманауи әдіс-тәсілдері жайлы пікір алмасу болды.

Қорытынды бөлімінде қатысушыларға басқару мәдениетін дамыту бағытында мектепті басқарудың тиімді жолдары бойынша ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетіліп, бірқатар ұсыныстар берілді.

   

   

«Сабақты тиімді жоспарлау мұғалімнің кәсіби шеберлігінің көрінісі» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өтті»

 2025 жылдың 8 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Самғау» жобасы аясында тарих пәнінен жас мамандарға арналған «Сабақты тиімді жоспарлау мұғалімнің кәсіби шеберлігінің көрінісі» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жас мамандарға тарих пәнінен сабақты жоспарлау мен сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдарын ұсыну.

Шеберлік сыныбы барысында педагогтерге тарих пәнінен басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер, оқу бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау мен қысқа мерзімді жоспарлауды жазу, жасанды интеллект мүмкіндіктері мен тапсырма түрлері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 103  педагог қатысты.