БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Облыстық вебинар өтті
2023 жылдың 29 қыркүйек күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу алгоритмі» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Вебинар барысында арнайы және инклюзивті білім берудің оқу бағдарламаларын талқылау, жүргізу алгоритмі көрсетіліп, ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды оқытудың психологиялық және педагогикалық шарттары, оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын білім берудегі мазмұнға қарай өзгерту тәсілдері түсіндірілді. Аталған іс-шараға 250 педагог қатысты

«Мектептерге арналған PISA зерттеуі: өзектілігі мен тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті
2023 жылдың 28 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектептерге арналған тестілеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастырудың мазмұнын жетілдіру, зерттеу тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдарын анықтау, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Мектептерге арналған PISA зерттеуі: өзектілігі мен тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
Іс-шара барысында 2023 жылдың қазан-қараша айларында өтетін «Мектептерге арналған PISA» негізгі зерттеуіне облыс бойынша 71 білім мекемесі қатысатындығы айтылды. Сонымен қатар, семинар барысында зерттеудің өзектілігі, құрылымы, ерекшеліктері, мазмұны және жүргізу форматы мен тапсырмалар мазмұны туралы толық мағлұматтар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Облыстық оқыту вебинарына Тараз қалалық және аудандық білім бөлімдерінің негізгі зерттеуге жауапты тұлғалары, іріктеліп алынған білім беру ұйымдарының басшылары мен мектеп үйлестірушілері, барлығы 150 педагог қатысты.

«Биология, химия сабақтарында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту жолдары»тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2023 жылдың 29 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен биология, химия пәндері мұғалімдеріне арналған «Биология, химия сабақтарында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикум барысында педагогтерге биология, химия сабақтарында жаратылыстану сауаттылығы бойынша мәтіндік тапсырмаларды талдаудың және қысқа мерзімді жоспарға кіріктірудің жолдары туралы іс-тәжірибелер ұсынылып, қажетті дидактикалық материалдарға сілтемелер таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, биология, химия пәндері мұғалімдері, барлығы 100 педагог қатысты.

Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы Жамбыл ұстаздарына дәріс оқыды

Ауыл ұстаздарына арналған дәріс Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен Жамбыл облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Дәрісті Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы Күләш Шәмшидинова өткізді.
Күләш Шәмшидинова өз сөзінде білім саласын ғаламдық өзгерістерге бейімдеудің маңызын айта келіп, цифрлық технологиялар арқылы оқушының зейінін арттыру мәселелерін ортаға салды.
Одан соң лектор оқыту процесіндегі заманауи трендтер жайлы да сөз қозғады. Оның айтуынша, медианың дамуымен баланың білім алу көздері өзгерді. Мұғалім енді тек білім беріп қана қоймай, шәкірті алған ақпаратты іріктеу мен қолдануды үйретуі керек.
Бұдан бөлек, Күләш Шәмшидинова Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының жұмысына да тоқталып, тірек және шағын жинақты мектептер жайында сөйледі.
«Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры бірлесіп, «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасын іске асырып жатыр. Бұл жобаға қазір Жамбыл облысының 3 мектебі қатысуда.

«Қазақшаң қалай, балақай?» атты республикалық байқауы өтті

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Қазақшаң қалай, балақай?» атты республикалық байқауы өтті.
Аталған іс-шараға облыстық кезеңнен жеңімпаз атанған Тараз қаласының №6, №8 бөбекжай-бақшаларының және Байзақ ауданы, «Балдырған» бөбекжай-бақшаларының жұмыстары ұсынылған болатын.
Республикалық байқау нәтижесі бойынша №6 бөбекжай-бақшасы «Үздік ұйымдастырылған балалар әрекеті» номинациясын, Байзақ ауданы, «Балдырған» бөбекжай-бақшасы және Тараз қаласы, №8 бөбекжай-бақшасы «Үздік ұйымдастырылған бірлескен әрекет» номинациясын иеленді.
Педагогтерді жеңісімен құттықтаймыз!!!