БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған           «Оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шараның мақсаты – білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін интеграциялаудың тиімді жолдарымен таныстыру. Семинар-практикум барысында педагогтар ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибе алмасты.

          Аталған іс-шараға барлығы 32 педагог қатысты.

«Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үдерісінде оқу дербестік дағдыларын дамыту» және «Бастауыш сыныптарда  TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулерін жүзеге асырудың өзекті мәселелері»  тақырыптарында  онлайн режимінде семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде  2019  жылдың  27 ақпан  күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үдерісінде оқу дербестік   дағдыларын дамыту» және «Бастауыш сыныптарда  TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулерін жүзеге асырудың өзекті мәселелері»  тақырыптарында  онлайн режимінде семинар өтті.

Аталған іс-шараға  501    педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері  пәндерді оқытудағы  жаңа  әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулеріне дайындық жұмыстары, тест спецификациясы, өзіндік іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейте отырып, танымдық дағдыларын қалыптастыру жолдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

2019 жылдың 26 ақпанында Zhambіl_Оbl_Мetod бөлмесінде «Химия сабақтарындағы химиялық эксперименттің оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы маңызы» тақырыбында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сынып өткізілді. Іс-шара барысында электронды оқулықты пайдаланудың тиімді әдістері өздігінен жұмыс жасау тәсілдері, ҰБТ, ОЖСБ, PISA, TIMSS тапсырмаларын орындау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мәліметтер беріліп, әдістемелік кеңестер ұсынылды.

Аталған іс-шараға облыстың  174 педагогі қамтылды.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

2019 жылдың 26 ақпанында Zhambil_Obl_Metod бөлмесінде «Білім мазмұнын жаңарту аясында биология пәнін оқытудың әдістемесі» тақырыбында биология пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптар өткізілді. Іс-шара барысында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы оқытудың ерекшеліктері туралы, оқу мақсатына қол жеткізу үшін қолданатын тиімді әдістердің жолдары көрсетіліп, әдістемелік консультациялар берілді.

Аталған іс-шараға облыстың  199 педагогі қамтылды.

VI облыстық «Ақберен» білім және өнер байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазудағы талантын, тапқырлық қырын, дарынын таныту мақсатында 2019 жылдың 26 ақпанында 8-11 сынып оқушылары арасында VI облыстық «Ақберен» білім және өнер байқауы өткізілді.

 «Ақберен» білім және өнер байқауының ІІ кезеңіне облыс бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен                72 оқушы қатысты.

Байқау 6 номинация бойынша өткізілді:  шешендік, білгірлік сайысы;  көркемсөз оқу;  эссе жазу; ұлттық аспапта өнер көрсету;   ақындар айтысы; ақындар мүшәйрасы.     Іс-шараның қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдарымен, алғыс хаттармен  марапатталды.

Байқаудың республикалық кезеңі 2019 жылдың 11-13 наурыз күндері                 Ақтау қаласында өтеді. Байқауға 6 номинация бойынша облыстық байқауда жүлдегер атанған     6 оқушыдан және 1 жетекшіден құралған команда қатысады.