Мектеп басшылары мен директордың орынбасарларына арналған оқыту семинары өтті
2018 жылдың 9 қарашасында 2018-2019 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялаудың іс-шаралар жоспарына сәйкес Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында көшбасшылық пен менеджмент», «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабаққа мониторинг жасаудың тиімділігі» тақырыптарында оқыту семинарлары өтті.
Оқыту семинарына барлығы 45 мектеп директорлары мен директордың орынбасарлары қатысты.