БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Назарбаев зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін трансляциялау мақсатында семинар-практикум өтті

 2018 жылдың 8 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 40 жетекші мектептердің директорлары, мектеп үйлестірушілері және 6, 7, 8 сыныптарға сабақ беретін қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән мұғалімдері  үшін  «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқыту ерекшеліктері: оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, критериалды бағалау қағидаттары» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар-практикумның жұмысы 4 секция бойынша жүргізіліп,   «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектептің даму жоспары», «Математикадан қиындығы жоғары деңгейдегі есептерді шешу», «Оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін тапсырмаларға өлшемдер мен дескрипторларды әзірлеу», «Жиынтық бағалауды ұйымдастыру. Модерация рәсімі» тақырыптарында тренингтер, ашық сабақтар, шеберлік сыныптары өткізілді. 

Аталған іс-шараға барлығы 328 педагог қатысты.

«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»  тақырыбында онлайн режимінде семинар өтті

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambul_obl_metod» бөлмесінде 2018 жылдың 8 қараша күні білім    беру  ұйымдарының   кітапхана    қызметкерлеріне   арналған   «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»  тақырыбында онлайн режимінде  облыстық семинар өтті.

    Аталған іс-шараға 276 педагог қызметкерлер қатысты.

«Сюжеттік – рөлдік ойындар арқылы балалардың театрландырылған әрекеттерін дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған облыстық семинар-практикум өтті

2018 жылы 31 қазан күні Сарысу ауданы, «Болашақ» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «Сюжеттік – рөлдік ойындар арқылы балалардың театрландырылған әрекеттерін дамыту»тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинарға 38 педагог қатысып, тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында ұйымдастырылған оқу қызметі, тренингтер жүргізілді.

Мектеп басшыларына арналған дөңгелек үстел өтті

2018 жылдың 7 қарашасында Тараз қаласындағы Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназияның базасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін тарату мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін орта білім беру мекемелерінің оқу процесіне енгізу мәселелері» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін тарататын 40 базалық мектептердің директорлары және директорлық қызметке резервте тұрған мектеп директорларының орынбасарлары, барлығы 95 адам қатысты.

Іс-шара барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін тарататын 40 базалық мектептердің директорлары оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

«Жалпы білім беру мектептерінде тәрбие жұмысын  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контекстінде ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында оқыту семинары өтті

2018 жылдың 2 қараша күні Назарбаев Зияткерлік  мектебінің базасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының    оқу-әдістемелік кабинеті  Тараз  қаласындағы Назарбаев Зияткерлік  мектебімен  бірлесіп  директордың тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарларына  арналған  «Жалпы білім беру мектептерінде тәрбие жұмысын  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контекстінде ұйымдастыру тәжірибесі», «Шаңырақ» мектеп қауымдастығын  құру»  тақырыптарында оқыту семинары өткізілді, барлығы 120 педагог  қатысты.

Семинардың   мақсаты - білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық кеңістігін құру, НЗМ-нің тәрбие жұмыс жүйесін тарату, қарым-қатынастық құзіреттіліктің артуына қолайлы жағдай жасау.

ТОЛЫҒЫРАҚ