БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Байқау талаптары мен критерийлері» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті

2018 жылы 31 қарашада Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің талаптарын сапалы орындау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым», «Үздік педагог» атты мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша «Байқау талаптары мен критерийлері» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.

Семинарға аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, мектеп әкімшілігі, педагогтар, барлығы 349 адам қатысты.

Облыстық онлайн-семинар барысында «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауы стандартының талаптары», «Үздік педагог» байқауы стандартының талаптары» тақырыптарында ақпараттық презентациялар көрсетіліп, баяндамашылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Облыстық онлайн-семинар өтті

 2018 жылдың 30 қазанында облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің Zhambil_OBL_Metod  бөлмесінде жаңартылған білім беру мазмұны аясында физика, математика пән мұғалімдеріне арналған «Мұғалімнің тұлғалық - кәсіби әлеуетін дамытудың жолдары: теория және тәжірибе» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті. Семинарда  жаңартылған білім беру мазмұны, оқуды саралау, критериалды бағалау және  қысқа мерзімді жоспарға қойылатын талаптар, рефлексия мен кері байланыстың рөлі жайында ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Аталған іс-шараға  облыстың 931 педагогі қамтылды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында тарих  пәні мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 25 қазанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация», облыстық ер дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім - инновация» мектеп-интернаттарының озық тәжірибелі мұғалімдері «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша іс-тәжірибе», Тарих сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін, құзыреттілігін қалыптастыруда АКТ-ны пайдалану» тақырыптарында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын  өткізді. Аталған іс-шараға облыстың                384 педагогі қамтылды.

«Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау, сөйлеу қабіліетін үйлесімді дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін қалыптастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған облыстық семинар-практикум өтт

2018 жылы 26 қазан күні Т.Рысқұлов ауданы, «Алтын сақа» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «Мектеп жасына дейінгі балалрдың ойлау, сөйлеу қабілетін үйлесімді дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинарға 22 педагог қатысып, тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында ұйымдастырылған оқу қызметі, тренингтер жүргізілді.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында  ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне ашық есік күні өтті

2018 жылдың 24 қазанында дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының  базасында ашық есік күні өтті. Аталған іс-шарада жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері «Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың креативті қабілеттерін дамыту»  тақырыптарында шеберлік сыныптарын өтті. Аталған іс-шараға облыстың 43 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қамтылды.