«Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
2018 жылдың 14 қыркүйек күні Тараз қаласы, №51 орта мектебінің базасында «Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары» тақырыбында облыстық ғылыми - тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция жұмысына ЖОО-ның ғалымдары, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтар мен пән мұғалімдері, барлығы 120 педагог қатысты.
Іс-шарада қазіргі заманғы бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру туралы, т.б. өзекті мәселелер қарастырылды.
Сондай-ақ, «Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы» тақырыбында көрме қойылды.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытынды бөлімінде ұсынымдар жарияланып, білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысына жауапты педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруына ықпал етті.
«Репродуктивті денсаулықтың маңызы мен өзектілігі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті
«Үш тілді оқытуды жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында онлайн семинар өтті.