БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Жазғы мектеп» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 18 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері «Әдебиет сабағында айтылым дағдысын дамыту жолдары», «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытуды жоспарлаудағы оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдер сабақтастығы», «Оқушының танымдық қабілетін дамыту жолдары», «Оқылым мен жазылым дағдыларын дамытудағы жазба жұмысының рөлі»  тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын  өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 1647 педагогі қамтылды.

Интерактивті дәріс өтті

 Облыстық білім басқармасы және Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасымен 2018 жылдың 12 қыркүйегінде жалпы білім беретін орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларына «Мемлекеттік дін саласындағы саясатының басым бағыттары мен міндеттері», «Ислам дінінің Қазақстанда таралу тарихы» тақырыптарында интерактивті дәріс өткізді. Облыстық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Есмаханов Еркебұлан Нұрғалиұлы онлайн режимінде дәріс оқыды. Дәріске облыс бойынша 9-11 сыныптардың оқушылары  қамтылды.

Облыстық «Үздік ауыл мектебі», «Үздік қала мектебі»,  «Үздік шағын жинақталған мектеп» номинацияларының  жеңімпаздары  туралы  

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» белгіленген білім саласындағы           5 қадамды жүзеге асыру мақсатында 76 қадамда берілген «...табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» туралы тапсырмаға сәйкес 2018 жылы «Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» жалпы орта білім беретін  мектептердің білім беру сапасын арттыруға ынталандыру, облыс көлемінде білім беру жүйесінің дамуы жөнінде халықтың біртұтас көзқарасын қалыптастыру мақсатында табысты қызмет атқарып жоғары  рейтингтік көрсеткіш көрсеткен білім беру ұйымдарына 2018 жылдың 24 тамызында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өткен Жамбыл облысы білім беру қызметкерлерінің  облыстық тамыз конференциясында «Үздік ауыл мектебі» номинациясымен  Жамбыл ауданы, «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі», «Үздік қала мектебі» номинациясымен Талас ауданы, «мектеп-лицейі», «Үздік шағын жинақталған мектеп» номинациясымен Сарысу ауданы, «Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне 1 000 000 теңгенің сертификаттары табысталды.

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

Бүгін облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция – қоғам мен мемлекеттің жаңғыруының неігізі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиынға облыстағы ЖОО ғалымдары, аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындайтын конкурсы туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығына сәйкес «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурсын өткізді.

        Конкурсқа облыс бойынша 34 мектеп қатысты, оның 8-і ІІ кезеңге  өтті. Конкурстың ІІ кезеңіне қатысқан  білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 рейтингтік көрсеткіштер, 34 өлшемдер бойынша жүзеге асырылды.

Конкурстық комиссия мүшелері оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау,  педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивтік білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша орта білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау критерийлеріне сәйкес деп танылған Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатына                      «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өткен Жамбыл облысы білім беру қызметкерлерінің  облыстық тамыз конференциясында 22 627 200 теңге  гранты табыс етілді.