БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«ҚАЛА ТІРШІЛІГІ» АТТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘЖІРИБЕ ӨТТІ

1 қазанда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мектеп  олимпиадаларын  және  мектептен тыс  іс-шараларды өткізетін  облыстық орталықта «Қала тіршілігі» әлеуметтік тәжірибесінің қорытынды марапаттау рәсімі өтті.

Әлеуметтік тәжірибе нәтижесінде 1 орынды Жуалы ауданы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Д.Қабарбек иеленсе, қалған қатысушылар Алғыс хаттармен, бағалы силықтармен марапатталды.

Облыстық дөңгелек үстел өтті

2018 жылдың 28 қыркүйегінде облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің базасында 6, 8  сыныптарға сабақ беретін физика, математика пәндері мұғалімдері мен пән әдіскерлері үшін «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар  жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастырудың  ерекшеліктерімен танысып, критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыру жолдарын анықтап, тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға  облыстың 56 педагогі қамтылды.

«Заманауи  тәрбие  технологиялары  және  оларды тәрбие үдерісінде  пайдаланудың  тиімділігі»  тақырыбында  облыстық әдістемелік семинар өтті

2018 жылдың 28 қыркүйек  күні   облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Заманауи  тәрбие  технологиялары  және  оларды тәрбие үдерісінде  пайдаланудың  тиімділігі»    тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті. Аталған іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы  56  педагог  қатысты.  

Әдістемелік семинарға қатысушылар тәрбиенің басым  бағыттары бойынша  әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 29 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының, ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері «Оқушылардың ағылшын тілі сабағында коммуникативтік сөйлеу қабілеттерін қалыптастырудың практикалық негіздері», «Ағылшын тілін оқытуда жоба әдісін қолдану ерекшеліктері», «Жаңартылған бағдарлама бойынша 7 сыныптарда қысқа мерзімді жоспарлаудың үлгісі», «Проверка и оценивание письменных работ по англисскому языку в 7-х классах по обновленной программе» тақырыптарында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 364 педагогі қамтылды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында тарих пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 27 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің озық тәжірибелі мұғалімдері «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 380 педагогі қамтылды.