ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«Жеке тұлға бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру негіздері»  тақырыбында  облыстық  онлайн семинар өтті

2019 жылдың 22 мамыр күні  облыстық  оқу-әдістемелік  кабинетінің ұйымдастыруымен www.sabak.kz сайты Zhambil_obl_UMC бөлмесінде директордың тәрбие ісі жөнідегі орынбасарларына   арналған  «Жеке тұлға бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру негіздері»   тақырыбында  облыстық  онлайн  семинар   өткізілді,  барлығы 182 педагог  қатысты.  

Семинарға қатысушылар тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер алды, заманауи тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында география пәнін оқытуда әдіс-тәсілдерді  тиімді  пайдалану  жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу- әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 22 мамыр күні география  пәні  мұғалімдеріне  арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында география пәнін оқытуда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында облыстық  дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға 36 педагог қызметкерлері  қатысты.

        Дөңгелек үстел барысында география пәні мұғалімдеріне оқу үрдісінде тиімді әдіс – тәсілдерді қолдануға  бағытталған  әдістемелік  кеңестер ұсынылып,  таратпалы материалдар берілді, ақпараттық – әдістемелік көмек көрсетілді.

«Нәтижеге бағытталған білім: білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

2019 жылдың 20 мамырында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен        мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Нәтижеге бағытталған білім: білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарға 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (математика, физика, тарих, химия, биология, ағылшын және орыс тілдері), барлығы 1927 педагог қатысты.

Семинар жұмыстарында педагогтарға ҰБТ бойынша білім сапасын арттыруға бағыттталған дәрістер оқылып, шеберлік сыныптары өткізілді, дидактикалық материалдар мен ұсынымдар  берілді.

«Нәтижеге бағытталған білім: білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен                    2019 жылдың  21 мамырында «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу, жаратылыстану және математикалық сауаттылықтары мен мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Нәтижеге бағытталған білім: білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізілді. Аталған іс-шараға (қазақ тілі мен әдебиеті, география, информатика, бастауыш сынып) 1951 мұғалім қатысты.

Онлайн семинар барысында пән мұғалімдері оқу сауаттылығының әлемдік кеңістіктегі маңызын, тест тапсырмаларын әзірлеу жолдары мен түрлерін, толық емес мәтіндерге қойылған талаптар, тест спецификациясын, оқу сауаттылығының деңгейлерін, мектептердегі оқушыларға мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту барысында түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру үшін әдістемелік көмек берілді.

«Үздік педагог» атағын беру конкурсының  ІІ кезеңі өтті.

        Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен  педагогтар мәртебесін арттыру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында  2019 жылдың  16-17 мамыр күндері «Үздік педагог» атағын беру конкурсы  өткізілді.

        «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңіне  облыс бойынша аудандық(қалалық) білім бөлімдері мен  облыстық білім басқармасына қарасты  білім мекемелерінен 169 педагог, конкурстың ІІ кезеңіне 16 педагог құжат тапсырды.

16 мамыр күні конкурсқа қатысушы 16 педагог пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындап, 80%-дан жоғары көрсеткіш көрсеткен 9 педагог конкурстың негізгі кезеңіне өтті. Іріктеу кезеңінен (тесттен) өткен үміткерлердің оқу-әдістемелік құжаттарына, «Мен қазіргі заманның педагогімін» тақырыбында жазған эсселеріне талдау жасалып, баға берілді.                         

17 мамыр күні конкурсқа қатысушы  үміткерлер облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында шығармашылық жұмыстарын қорғап, панорамалық ашық сабақтарында өздерінің педагогикалық шеберліктерін көрсетті.

 Конкурстың іріктеу және негізгі кезеңдерінің қорытындысы бойынша                       барлық үміткерлер  конкурстың қорытынды кезеңіне, виртуалды дауыс беру кезеңіне өтеді. Виртуалды дауыс беру кезеңі 20-30 мамыр күндері аралығында өтеді. Конкурсқа қатысушылар облыстық білім басқармасының сайтына Интернет желісінде білім берудің сапалы ақпаратын және жұмыс тәжірибесін  көрсететін авторлық жұмыстарын, оқу, әдістемелік және басқа да жұмыстарын барлық пайдаланушыларға ашық түрде танысуға мүмкіндік беретіндей  орналастырылады. Кез-келген қызығушылық танытқан адам сайт арқылы қатысушының педагогикалық қызметі туралы материалдарымен таныса алады және дауыс бере алады. Интернет арқылы дауыс беру жеңімпазы қосымша                10 ұпай алады.