«Google Classroom – платформа асинхронного дистанционного обучения» тақырыбында вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылына арналған жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Google Classroom – платформа асинхронного дистанционного обучения» тақырыбында онлайн режимінде вебинар өтті.
Zoom платформасы арқылы өткен вебинарға 122 педагог қатысты.
Іс-шара барысында вебинар қатысушылары Google Classroom платформасы арқылы қашықтан оқыту барысында офлайн режимінде оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері, тапсырмаларды құрастыру мен оқушыларға кері байланыс беру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.