БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Білім басқармасының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары басшыларының құзыреттілігін арттыру мақсатында 26 тамыз күні мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы көшбасшылық» тақырыбында ТEDх дәрістері өткізілді.
ТEDх дәрістеріне Назарбаев Университеті Жоғары Білім беру мектебінің профессоры, PhD докторы Шаматов Дуйшонкул, Назарбаев Университеті Жоғары Білім беру мектебінің қызметкері, PhD докторанты Қаратабанов Руслан Әділханұлы және облыстық білім басқармасының мамандары, мектеп директорлары барлығы 240 педагог қатысты.
Іс-шараға қатысушылар орта білім берудің білім сапасын арттырудың педагогикалық аспектілері, Қазақстандағы білім беру сапасын арттырудың ғылыми негіздері, білім беру мен тәрбиенің біртұтастығы туралы мәселелерді талқылады.
ТEDх дәрістер барысында білім беру ұйымдарының басшыларына жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында заманауи білім беруді дамыту барысында білім сапасын арттырудың тиімді жолдары бойынша ақпараттық-әдіснамалық материалдар таратылды.