Облыстық дөңгелек үстел өтті
2019 жылдың 25 қыркүйегінде облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің базасында физика пәні мұғалімдеріне «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысып, жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру, критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыру жолдарымен бөлісті, тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға облыстың 36 педагогі қамтылды.