Облыстық әдістемелік семинар өтті
2026 жылдың 29 қаңтар күні «Шығармашылық зертхана» жобасы аясында «Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту: коучинг, менторинг және әдістемелік қолдау технологиялары» тақырыбында облыстық әдістемелік семинары өтті. Семинарға 150-ден астам директордың оқу, ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасарлары мен шығармашылық топ мүшелері қатысты. Семинар барысында Р.Бабижанова Меркі ауданы, №5 Ақарал мектеп-гимназиясы, М.Мынбаева Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы, А.Піспекбаева Сарысу ауданы, Ақтоғай орта мектебінің директордың орынбасарлары «Ғылыми жобалық жұмыс – мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілеттерін жетілдіру құралы», «Менторинг арқылы көшбасшы болу: Болашақтың көшбасшыларын тәрбиелеу», «Білім беру сапасын арттырудағы менторинг жүйесінің маңызы» тақырыптарында баяндамалар ұсынды. Білім беру ұйымының әдіскер қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, мектептердегі ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру жұмыстарын жандандыру бойынша ақпараттық-әдістемелік көмектер беріп, өзара тәжірибе алмасты.


















