КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында 2025 жылдың 8 мамыр күні «Баланың бақыт формуласы – сүйікті мамандығы» атты ақпараттық кездесу өткізді.
Іс-шараға 11 сынып оқушылары, ата-аналар, кәсіби бағдар беру педагогтері, барлығы 1500 адам қатысты.
Іс-шара барысында «Bolashaq» академиясының 18 білім беру бағдарламалары аясында білім бакалавры дәрежесінде мамандар даярлау, Дуальді білім беру жүйесін енгізу мақсатында кафедралардың жұмысы, онда оқу сабақтары, ғылыми зерттеулер және студенттердің кәсіби практикасы, жатақханамен қамтамасыз ету туралы ақпараттық-әдістемелік түсіндіру жүргізілді.
















