Мақсатты мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өтті
Облыстық оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 16 мамыр күні мақсатты мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Бастауыш сынып оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өткізілді. Мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсыну.
Вебинарда бастауыш сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстарының маңызы мен мазмұны түсіндіріліп, түрлі жастағы оқушыларға бейімделген зерттеу қызметінің үлгілері (жобалық жұмыс, бақылау, тәжірибе, шағын зерттеу) ұсынылды. Сонымен қатар іс-шара қатысушылары, зерттеу жобаларын құрастырудың үлгілері мен қадамдары, жобаның құрылымы, тақырып таңдау, мақсат қою, гипотеза жасау, ақпарат жинау, тәжірибе жүргізу және қорытындылау кезеңдері бойынша өзара тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен мақсатты мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 390 педагог қатысты.

















