БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік орталығы

БАСТЫ БЕТ

«Тілдік дағдылар мен мәтінді түсіну арқылы ақпаратпен жұмыс істеу әдістері» тақырыбында семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 6 ақпан күні білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) бойынша «Тілдік дағдылар мен мәтінді түсіну арқылы ақпаратпен жұмыс істеу әдістері» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының мәтінді түсіну, талдау, ақпаратты салыстыру және оны өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдану мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған оқыту әдістерін жүйелі түрде енгізу арқылы тілдік дағдыларын қалыптастыру.
         Іс-шара барысында ББЖМ тапсырмаларының құрылымы мен мазмұнына талдау жасалып, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыс түрлерінің ерекшеліктері қарастырылды. Қатысушыларға аралас, тұтас емес және тұтас мәтіндермен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары ұсынылды. Атап айтқанда, ақпаратты талдау, салыстыру және қорытынды шығару, ақпараттың әртүрлі формалары (мәтін, кесте, диаграмма, сурет) арасында логикалық байланыс орнатуға бағытталған әдістемелік тәсілдер жан-жақты түсіндірілді.
        Семинар қорытындысында ұсынылған әдістерді оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізу бастауыш сынып оқушыларының тілдік құзыреттілігін арттыруға, мәтінмен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерін жақсартуға оң ықпал ететіні атап өтілді.
        Іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастауыш сынып әдіскерлері және бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 278 педагог қатысты.

«Авторлық әдістемелік өнімдерді әзірлеуде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері үшін оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 4 ақпан күні мемлекеттік аттестациядан өтетін орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Авторлық әдістемелік өнімдерді әзірлеуде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары» тақырыбында бастауыш сынып әдіскерлері үшін оқыту семинары өтті.
Семинар барысында қатысушыларға авторлық әдістемелік өнімдерді әзірлеудің нормативтік-құқықтық негіздері, мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктері, сондай-ақ сапасына қойылатын талаптар ғылыми-әдістемелік тұрғыда түсіндірілді. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуда авторлық бағдарламалар, әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің тиімді тәсілдері қарастырылды.
Іс-шара аясында қатысушыларға мемлекеттік аттестация талаптарына сәйкес авторлық әдістемелік өнімдерді әзірлеу кезеңдері, рәсімдеу тәртібі және сараптау критерийлері бойынша жүйелі әдістемелік ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, педагогтердің инновациялық тәжірибесін зерделеу, авторлық өнімдерді әзірлеу барысында туындайтын өзекті мәселелерді талдау және оларды шешу жолдары ұсынылды.
Семинар қорытындысында қатысушылар авторлық әдістемелік өнімдерді әзірлеу арқылы білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған кәсіби дағдыларын жетілдіріп, тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау көрсету бағытында нәтижелі жұмыс жүргізудің маңыздылығын айқындады.

Арнайы мамандарының арасында «Үздік сабақ» атты облыстық сырттай байқау өткізілді.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 28 қаңтар күні білім беру ұйымдарының арнайы мамандарының арасында «Үздік сабақ» атты облыстық сырттай байқау өткізілді. Білім беру ұйымдарының (арнайы мектеп-интернаттар, ППТК, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау кабинеттері, «Асыл Мирас» аутизм және оңалту орталықтары) арнайы мамандарының кәсіби деңгейін көтеру, озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және тарату мақсатында ұйымдастырылған «Үздік сабақ» атты облыстық сырттай байқауға ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудағы тәжірибелерінен 33 арнайы маманның бейне сабақтары ұсынылып, нәтижесінде үздік сабақтар анықталды. Байқаудың қорытындысы бойынша Тараз қаласы, №2 «Өркен» мектеп-интернатының дефектологы А.Жапарова I дәрежелі, Тараз қаласы, Оңалту орталығының олигофренопедагогы А.Саламатова, Т.Рысқұлов ауданы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологы З.Таукеева ІІ дәрежелі, Байзақ ауданы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологтары А.Азимбаева, Н.Жарасова, Талас ауданы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологы Э.Жақсыбек ІІІ дәрежелі дипломдармен, Тараз қаласы, Оңалту орталығының логопеді Ж.Ақын, Тараз қаласы, №1 және №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің арнайы мамандары А.Құдияр, Ұ.Әділбекова, Жамбыл ауданы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопеді Н.Садырәлі және Тараз қаласы, №32 орта мектебінің психологиялық-педагогикалық қолдау кабинетінің дефектологы А.Джакипова Алғыс хаттармен марапатталды.

«Шебер-мұғалім» бағдарламасы аясында «Сырттай оқыту мектебі» жобасы негізінде онлайн дәріс өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 3 ақпан күні білім беру сапасын арттыру және оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын жетілдіру мақсатында «Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында 5-6 сынып оқушыларына арналған «Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыратын жаратылыстану сауаттылығына арналған тапсырмалар» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Онлайн дәріс барысында тапсырмалардың мазмұны мен құрылымы түсіндіріліп, 5–6 сынып оқушыларына арналған практикалық, зерттеушілік және жағдаяттық тапсырмалар үлгілері ұсынылды. Қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сыни ойлау, талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамыту тәсілдерімен танысып, тапсырмаларды тиімді шешу дағдыларын меңгеру және ғылыми тәсілмен орындаудың негізгі қағидалары көрсетіліп, қажетті платформаларға сілтемелер берілді. Оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін дамыту мақсатындағы дәріске барлығы 1332 оқушы қатысты.

«ББЖМ нәтижелерін талдау және өзекті мәселелерін анықтау» тақырыбында бастауыш сынып әдіскерлері үшін облыстық вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 30 қаңтар күні білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында «ББЖМ нәтижелерін талдау және өзекті мәселелерін анықтау» тақырыбында бастауыш сынып әдіскерлері үшін облыстық вебинар өтті. Мақсаты – ББЖМ нәтижелерін жүйелі талдау арқылы бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау, негізгі көрсеткіштер бойынша өзекті мәселелерді анықтау және алынған деректер негізінде оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған тиімді әдістемелік шешімдер мен ұсынымдарды әзірлеу. Вебинар барысында қатысушылар ББЖМ нәтижелерін талдау негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыруға бағытталған әдістемелік жұмыстың тиімділігін талқылады. Қатысушылар алынған нәтижелерді педагогикалық практиканың әртүрлі жағдайларында қолдану жолдарын қарастырып, проблемалық бағыттарды анықтады. Сондай-ақ, әдіскерлер оқушылардың жеке оқу траекториясын қалыптастыруға арналған стратегияларды, мониторинг және рефлексия құралдарын тиімді пайдалану тәжірибесімен бөлісті.