БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы информатика, география пәндерінен сабақ беретін жас мамандарға шеберлік сынып өтті

2024 жылдың 18 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының озық тәжірибелі математика, география пәнінің мұғалімдері «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары», «География пәнінен жаратылыстану сауаттылығын арттыруға арналған әдіс-тәсілдер» тақырыптарында шеберлік сынып өтті.
Іс-шара барысында оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша ҰБТ-ға дайындаудың және онлайн платформаларды қолдану арқылы тапсырмалардың тиімді жолдары мен тәсілдерін көрсету арқылы ұсынымдар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Педагогтер өзара іс - тәжірибесімен бөлісті. Дидактикалық материалдардың электронды нұсқасы таратылды. Аталған іс-шараға облыстан 87 педагог қатысты.

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия, биология пәндерінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті

2024 жылдың 15 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының озық тәжірибелі химия, биология пәндерінің мұғалімдері «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру-заман талабы», «Разработка и применение заданий формата МОДО по химии», «Разработка и применение заданий формата PISA по биологии» тақырыптарында жас мамандарға семинар өтті.
Семинар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда PISA халықаралық зерттеуіндегі және ББЖМ-де кездесетін тапсырмаларды құрастыру мен шешудің тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері көрсетіліп, әдістемелік көмек берілді. Педагогтер өзара тәжірибесімен бөлісті. Аталған іс-шараға облыстың 76 педагогі қатысты.

БІЛІМ БӨЛІМДЕРІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА ЖАУАПТЫ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 18 наурыз күні білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жауапты әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибесі және болашағы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ш.Усерова қатысушыларға «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша облыстық жол картасының аясында атқарылатын жұмыстар мен міндеттерді нақтылап, жұмыс барысында басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық құжаттар мен педагогтердің қызметін үйлестіру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы мазмұнында айқындалған күтілетін нәтижелерге балалар мен педагогтің жету деңгейін бақылау бойынша мониторинг жүргізудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету, мемлекеттік аттестациядан өтетін мекемелерге әдістемелік көмек көрсету, мобильді топтар мен құзыреттілік орталықтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы физика пәнінен сабақ беретін жас мамандарға вебинар өтті

2024 жылдың 13 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден сабақ беретін жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының тәжірибелі физика пәнінің мұғалімі А.Аманжол «Разработка и применение заданий формата МОДО по физике» тақырыбында жас мамандарға вебинар өтті.
Іс-шара барысында оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша ББЖМ-дегі кездесетін деңгейлік тапсырмаларды анықтау, құрастыру және шешудің тиімді шығару жолдары мен әдіс-тәсілдерін қолдану құрылымы көрсетілді. Педагогтерге әдістемелік көмек берілді, өзара іс - тәжірибесімен бөлісті. Аталған вебинарға облыстың 74 педагогі қатысты.

«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала», «Ханталапай» атты облыстық байқаулары өтті

Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала», «Ханталапай» атты республикалық байқаулардың облыстық кезеңі өтті.
Іс шараның мақсаты - балалар арасында сәндік-қолданбалы шығармашылықтың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, тарихымен таныстыру және танымал ету, тәрбиеленушілердің белсенділігі мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру арқылы қазақ халқының мәдени мұрасына деген мақтаныш пен құрмет сезімін тәрбиелеу.
Республикалық кезеңге Тараз қаласының №18 «Еркежан» және №14 «Жарқынай», №17 бөбекжай-бақшаларының жұмыстары ұсынылды.