БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы бірлесіп, 2024 жылдың 3 маусым күні жауапты әдіскерлер мен мамандарға әдістемелік қолдау көрсету және кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында «Жаңа ғасырға лайық педагог маман даярлаудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандар, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен кәсіби бағдар беру педагогтері, барлығы 98 адам қатысты.
       Семинар барысында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының басшысының орынбасары Т.Набатникова, Рудный қаласы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директоры К.Бирманова «Болашақ мұғалім» жобасы аясында «Мұғалім-Оқушы=Тәлімгер», «Темірқазық» педагогикалық клубы, «Жас геологтар», «Үздіксіз білім берудегі мұғалім», «Адам ізі», «Құстарға қамқормыз», «Жақсылық жасап жарысайық» жобалары туралы баяндама оқып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушы педагогтер сұрақтар қойып, пікір алмасты. Барлық қатысушыларға құжаттардың электронды нұсқалары таратылды.

«1+10 шеберлік мектебі» жобасы аясында педагогтерге вебинар өтті  

2024 жылдың 22 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «1+10 шеберлік мектебі» жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының тарих пәнінің мұғалімі, республикалық «Үздік педагог-2015» байқауының жеңімпазы Өтегенова Гүлшат Ізбасарқызы «Система работы  с одаренными детьми по подготовке к научным проектам», республикалық «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпазы Жанғасиева Жанар Орынбасарқызы «Тарих сабактарында акпараттық-коммуникативтік окыту технологиясының тиімділігі» тақырыптарында педагог-модераторларға вебинар өтті.

Вебинар барысында педагогтер оқу және оқыту процесін жетілдіруде АКТ ресурстары, пәнді оқытуда инновациялық платформалар мен қосымшаларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру, дарынды балалармен жұмыс бағыттары мен ғылыми жобаларға дайындық, басшылыққа алынатын құжаттар,  талаптар, тақырыпты таңдау бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Педагогтерге әдістемелік көмек көрсетілді.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қаласынан барлығы 38 педагог қатысты.

«Менің Елім – менің бақытты балалық шағым», «Алақай, жаз келді!» атты облыстық байқаулары өтті

Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Менің Елім – менің бақытты балалық шағым», «Алақай, жаз келді!» атты республикалық байқаулардың облыстық кезеңі өтті.
Іс шараның мақсаты – балаларды шығармашылыққа баули отырып тәрбиелеу, мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру үшін қауіпсіз, жайлы және креативті ортаны құрудың озат тәжірибесін жинақтау және тарату.
Республикалық кезеңге Тараз қаласының №33 «Айсәуле» және №37 «Бәйтерек», №4 «Балдырған» бөбекжай-бақшаларының жұмыстары ұсынылды.

«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуды  ұйымдастырудың тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 17 мамыр күні «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуды ұйымдастырудың тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шара барысында жалпы білім беретін мектептерде, инклюзияны қолдау кабинеттерінде және аутизм орталықтарындағы ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, оқытудың тиімділігін арттырудағы әдіс-тәсілдер, арнайы педагогтердің кәсіби қызметін
кешенді тәсіл арқылы ұйымдастыру туралы ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетілді. Сонымен қатар «Асыл Мирас» аутизм орталығының педагогтері А.Арықбаева «Jasper. Ойын арқылы балада түсінік қалыптастыру», А.Молдакулова «Ынталандыруды тиімді оқыту құралы ретінде пайдалану», Тараз қаласы No9 орта мектебінің «Қамқорлық инклюзияны қолдау» кабинетінің арнайы педагогтері А.Мейірқұл «Балаларды оқытудағы тиімді  әдіс-тәсілдер», М.Иманғалиева «Сенсорлық интеграция - теория және  практика, балаларға арналған жаттығулар», Г.Туякбаева «Жалпы білім  беретін мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагог- ассистенттің сүйемелдеуі» тақырыптарындағы шеберлік сыныптарымен  бөлісті.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен жалпы 134 педагог қатысты.

«Бастауыш білім беруде ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын (TIMSS халықаралық зерттеуі аясында) арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2024  жылдың  22 мамыр  күні  «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің бастауыш  сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш білім беруде ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын (TIMSS халықаралық зерттеуі аясында) арттырудың тиімді жолдары» (қазақ және орыс тілдерінде)  тақырыбында облыстық семинар өтті.  

Іс-шара барысында «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері зерттеу жүргізу (ғылыми сұрақтарды қалыптастыру үшін) ғылыми есептер мен зерттеу нәтижелерін сын тұрғысынан бағалау, түсіндіру (құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру) бірқатар табиғи және техногендік құбылыстарды тану, бағалау және түсініктеме беру қабілеті ретінде анықтау, жаратылыстану ғылымдарында әртүрлі материалдардың қасиеті, организмдер, құбылыстар мен процесстер, жаратылыстану терминдері мен өлшеу бірлігі туралы білім деңгейлерін қалыптастыру бойынша  тәжірибе алмасып, электронды материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға аудандық  (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен  бастауыш сынып  мұғалімдері, барлығы 271  педагог  қызметкер қатысты.