МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТТІ
2024 жылдың 15 наурызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «Білім мекемесі басшы-лидерінің бағдары», «Мектептің басқару тәжірибесінен: табыс қалай келеді?» тақырыбында жаңадан тағайындалған мектеп басшыларымен директорлар кеңесін өткізді.
Іс-шара барысында облыстық директорлар кеңесінің төрайымы Меркі ауданы, Т.Қожекеев атындағы №39 мектеп-гимназиясының директоры Г.Тлеубердиева «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының міндеттерін орындау барысында білім беру ұйымдарының басшылары оқу-тәрбие процесін жақсарту бағытында ұйымдастыратын тиімді жоспарлау жұмыстары сапалы білім беруді қамтамасыз етілуі туралы, білім алушылардың көктемгі демалыс кезіндегі бос уақыттарының тиімді ұйымдастырылуы, мектепішілік бақылау жоспарының жүргізілу жағдайы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, Жуалы ауданы Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның директоры Э.Абишева, Талас ауданы мектеп-лицейінің директоры З.Алпысбаева білім мекемесі басшы-лидерінің бағдарын айқындау формалары, табысты мектеп қалыптастырудағы үздік жобаларды енгізуде мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің бөлінген көшбасшылықтары, мұғалімдер өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануда каскадты оқытудың ерекше сипаттамаларын қолдануы, STEАM, оқыту технологияларының ерекшеліктері, Soft Skils дағдыларын енгізу арқылы пәндердің сапалы оқытылуы, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар арасындағы диалог арқылы білім мен тәрбиенің сапасын арттыру жағдайы, мектепті табысты мектептер қатарына қосуда мектеп директорының маңызды міндеттерді қоя білуі, білім сапасын арттыруға ықпал ететін факторлар туралы жаңадан тағайындалған мектеп басшыларына тәжірибелерімен бөлісіп, ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетті.
Кеңес отырысына 150 мектеп директоры қатысты.