«Жас педагогтің шығармашылық әлеуетінің деңгейін анықтау» тақырыбында облыстық семинар тренинг өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 наурыз күні «Geo World» жобасы аясында «Жас педагогтің шығармашылық әлеуетінің деңгейін анықтау» тақырыбында облыстық семинар тренинг өтті.
Іс-шара барысында жас педагогтің кәсіби қызметінің бастапқы кезеңінде туындайтын мәселелері мен теориялық және практикалық білімдерін жетілдіруге, педагогикалық шеберліктерін арттыруға қажеттілігін анықтау мақсатында сауалнама алынды.
Жас педагогтерді тәлімгердің көмегі арқылы кәсіби қызметке бейімдеу, шығармашылық әлеуетінің деңгейін арттыру жолдары талқыланды. Аталған іс-шараға барлығы 41 педагог қатысты.