ЖЕТЕКШІ МЕКТЕПТЕРМЕН ЖӘНЕ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРМЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының бірлескен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Жетекші мектеп инновациялық процестер алаңы ретінде», «Мектеп тренері: мектепішілік оқытуды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» тақырыптарында облыстық семинар өткізді.
Іс-шараға нысаналы мектептердің басшылары, жетекші мектептердің үйлестірушілері мен директорларының орынбасарлары, мектеп тренерлері, барлығы 100 адам қатысты.
Облыстық семинар жұмысы барысында Жамбыл облысы әкімдігінің оқу-әдістемелік орталығының «Педагогикалық менеджмент және білім сапасын басқару» бөлімінің жетекшісі Ғ.Омарбекова «Білім сапасын арттыру бағытында инновациялық тәсілдерді енгізу жолдары», ПШО директоры Г.Тортаева «Жетекші мектептің жұмысы: мақсат және міндеттер», аға оқытушылары Ш.Альтаева және А.Жұрынова «Жетекші мектеп инновациялық процестер алаңы ретінде», «Мектеп тренері: мектепішілік оқытуды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» тақырыптарында баяндама оқыды.
Қатысушыларға өткен оқу жылында атқарылған жұмыстың қорытындысы туралы, 2024-2025 оқу жылында жетекші мектептердің серіктес мектептермен және нысаналы мектептермен жүргізілетін инновациялық жұмыс бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, өзара тәжірибе алмасты.

«Мақсатты мектептер» жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында семинар-практикум өтті


ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
БІЛІМ БӨЛІМДЕРІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА ЖАУАПТЫ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ
НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ ЖАУАПТЫ ӘДІСКЕРЛЕРІМЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ