ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
2025 жылдың 1 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын үйлестіру аясында білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру педагогтері мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне әдістемелік қолдау көрсету және кәсіби шеберлін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында «Кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары» атты семинар-кеңес өткізді.
Іс-шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен кәсіби бағдар беру педагогтері, барлығы 35 адам қатысты.
Семинар барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына және «Жұмысшы мамандықтары жылы» іс-шаралар жоспарына сәйкес еліміздің орта білім беру ұйымдарында Ы.Алтынсарин Ұлттық академиясының «Педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілуі, Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері, әдістемелік нұсқаулық хатқа сәйкес жұмыс жүргізу, «колледж-жұмыс беруші-мектеп» арасында өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігі, білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмысында инновациялық тәжірибені анықтау және тарту, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау, қатысушылардың кәсіби, тұлғалық шеберлігін жетілдіруге лайықты маман даярлаудың тиімді жолдарын жүзеге асыру, кәсіптік бағдар беру жүйесі, педагог-кәсіби бағдар берушінің жауапкершілігі, кәсіптік бағдар беру жұмысы үрдістері, ЖОО-мен меморандум орнату, кәсіби бағдар беру жұмысына талдау жүргізу бойынша ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетілді.
Кәсіби бағдар беру жұмысын тиімді жүргізу туралы ұсынымдар беріліп, материалдардың электронды нұсқасы таратылды.





