«Көркем – эстетикалық пәндерінде авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 19 наурыз күні көркем-эстетикалық пән мұғалімдеріне арналған облыстық «Көркем – эстетикалық пәндерінде авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар» тақырыбында онлайн форматта облыстық вебинар өткізілді.
Іс-шара аясында мұғалімдер авторлық бағдарлама түрлері, талаптары, мазмұны, сараптамалық кеңестің мақсаты мен міндеттері туралы әдістемелік танымдық ақпарат алды. Жалпы 50 мұғалім қатысты.