ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«Аралық аттестаттау: әдістемелік ұсыным талаптары мен негізгі принциптері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне

облыстық онлайн  семинар өтті

           Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 18 сәуірінде білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын меңгерту бойынша 5-8, 10 сыныптарда өтетін аралық аттестаттау ерекшеліктерін меңгерту мақсатында «Аралық аттестаттау: әдістемелік ұсыным талаптары мен негізгі принциптері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне облыстық семинар өтті.

  Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласында өткен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жаңа парадигмасы: білім сапасы және зияткерлік әлеует» атты республикалық семинар-кеңесі барысында қабылданған ұсынымдар талданды. Аралық аттестаттаудың мақсаты мен міндеттері мен емтиханды өткізу талабына тоқталды.

Емтихан тапсырмаларын орындау қадамдарын түсіндіріп, мәтінге қойылатын талаптарды баяндады. Облыстық онлайн  семинарға  110 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен жауынгер жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Бауыржан Момышұлы: Тәуелсіздіктің тарихы мен тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылы 28 сәуірінде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің мұғалімдеріне Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен жауынгер жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай Бауыржан Момышұлының әскери және әдеби мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Бауыржан Момышұлы: Тәуелсіздіктің тарихы мен тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Астана қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының педагогтері қатысты.

          Іс-шараның пленарлық бөлімінде сөз алған Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының ғылыми қызметкері Ахмер Біржан Ермекұлы,  Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Әмірбекұлы, Алматы қаласы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филолог.ғ.д,. Ақыш Нұрдәулет Бабиханұлы, Жамбыл облыстық ғылыми-өлкетану музейіне қарасты «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Момынқұл Бекет Әбділдәұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Найзабай Әлімбай Аманбайұлы жауынгер жазушының өмір жолын, әскери және әдеби мұрасын кеңінен насихаттап,  қоғамдық қызметі мен тарихи рөлі туралы тың деректер ұсынды.

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға 215 педагог  қатысты.

«Жас маман тәжірибесінен: ұсыныстар  мен перспективалар» тақырыбында облыстық ашық алаңы өтті»

          Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 24 сәуірінде «Жас маман тәжірибесінен: ұсыныстар  мен перспективалар» тақырыбында облыстық ашық алаңы өтті.

Жас мамандарды «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру мақсатында өткен іс-шарада  жас мамандар жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи әдістемелер мен озық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, желілік қауымдастықта қазақ тілі мен әдебиеті сабағын тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Мұғалімдердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын  арттыру  жолдары бойынша тәжірибе алмасуына ықпал етілді. Іс-шара барысында «Көркем шығарма-оқушы жүрегіне жол табудың кілті», «Заманауи мұғалімге қажетті цифрлық оқыту құралдарының маңызы», «Lesson study:қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын мәтінмен жұмыс жасау арқылы дамыту», «Plickers тақтасы арқылы мәтінді түсіну мен талдау дағдыларын дамыту», «Альтернативті финал» әдісі арқылы оқушылардың креативті ойлауын дамыту», «Ойын емес-ойландыру: геймификация арқылы білім сапасын арттыру», «Қазақ тіліндегі сленг сөздер: қолдану аясын әдеби сөздермен алмастыру жолдары», «Оқушылардың шығармашылық дағдыларын ұлттық құндылықтар негізінде дамыту» тақырыптары аясында тәжірибелерімен бөлісті.

Ашық алаңда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін, әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасалды.

Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану жолдары талданып, іс-шара барысында пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Облыстық ашық алаңына 105 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

  

«Ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі әлеуметтік жобалардың орны» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті»

2025 жылдың 24 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектептердің тәрбие жұмысына жауапты педагог қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету және өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі әлеуметтік жобалардың орны» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 100 ден аса педагог қатысты.
Шығармашылық зертхана жұмысына аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер қатысты.
Іс-шара барысында педагогтардың іс-тәжірибелері көрсетілді, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты, сондай-ақ, өздерінің тәрбие жұмысын жетілдіру бағытындағы тың идеяларының маңыздылығын, жаңашылдығын көрсетумен қатар, жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдаланудың тиімді жолдарын көрсетіп және ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды.

  

  

 

«Жас маман тәжірибесінен: ұсыныстар мен перспективалар» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің облыстық диалогтік алаңы өтті»

2025 жылдың 23 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жас мамандар апталығы аясында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Жас маман тәжірибесінен: ұсыныстар мен перспективалар» тақырыбында облыстық диалогтік алаң өтті.

Іс-шараның мақсаты – жас мамандардың кәсіби және цифрлық құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

Диалогтік алаң барысында педагогтерге тарих пәнінен басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер, оқу бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау мен қысқа мерзімді жоспарлауды жазу, сабақ барысында цифрлық платформаларды қолдану, жасанды интеллект мүмкіндіктері мен тапсырма түрлері, виртуалды турларды әзірлеу, ұлттық құндылықтарды дарыту, ғылыми жобаларға дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, жас мамандар өзара тәжірибе алмасты.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 107  педагог қатысты.