БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНА ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
2025 жылдың 10 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М.А.Нысанбаевтың қатысуымен Тараз қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның базасында «Білім берудегі өзгерістер: инновацияға бетбұрыс және заманауи білім тенденциялары» атты облыстық дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты – мектеп басшыларының басқару мәдениетін дамыту бағытында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырылуы, педагогикалық әдеп нормаларының негізгі принциптерін ұғынуы, әділдік, адалдық, жауапкершілік және құрмет сияқты құндылықтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек беру.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасына қатысқан педагог қызметкерлер, барлығы 35 адам қатысты.
Облыстық дөңгелек үстел барысында «Заманауи білім: тенденциялары және инновациялары», «Мектепті басқару стратегиялары», «Білім беру ұйымын басқарудың тиімді қадамдары» тақырыптарында тәжірибелік презентациялар ұсынылып, мектепті дамытудағы заманауи әдіс-тәсілдері жайлы пікір алмасу болды.
Қорытынды бөлімінде қатысушыларға басқару мәдениетін дамыту бағытында мектепті басқарудың тиімді жолдары бойынша ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетіліп, бірқатар ұсыныстар берілді.




