ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 13 тамыз күні «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепалды сынып педагогтеріне арналған секция отырысы өтті. Іс-шара барысында 2024-2025 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-блім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, нормативтік құқықтық актілер, мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелік шараларды ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында консультациялық пункттер жұмысын ұйымдастыру, бастауыш сынып мұғалімі жеке оқыту траекториясын анықтау үшін мектепалды топтары мен сыныптары балаларының Жеке даму картасын толтыру, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылу жолдары, цифрландыру жағдайында білім беру процесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері бойынша ұсынымдар берілді. Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 11 әдіскер, 462 мектепке дейінгі ұйым педагогтері, барлығы 473 педагог қатысты.

    

«Цифрландыру жағдайындағы инклюзивті білім беру» тақырыбындағы арнайы және инклюзивті беретін педагог қызметкерлердің облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 тамыз күні «Цифрландыру жағдайындағы инклюзивті білім беру» тақырыбында жалпы білім беретін мектеп басшылары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, білім басқармасына қарасты арнайы мекемелердің басшылары мен мамандары, арнайы және инклюзивті білім беретін педагогтер, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық секция отырысы өтті. Әдістемелік секция отырысы барысында 2024-2025 оқу жылындағы ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың оқу-тәрбие процесін реттейтін нормативтік құжаттар (ондағы өзгерістер мен толықтырулар), жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қызметті қолдау, әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес толтырылатын формалар, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды ағымдағы бағалау мен қорытынды аттестаттау, мектепте инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, арнайы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері (оқыту және тәрбиелеу, оқу жоспары мен бағдарламаларын іске асыру), туралы әдістемелік ұсынымдар берілді. Іс-шараға барлығы 674 педагог қатысты.

     

«Мектеп кітапханасын цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт» тақырыбында кітапхана қызметкерлерінің секция отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9 тамыз күні білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» педагогтердің облыстық тамыз кеңесі аясында «Мектеп кітапханасын цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт» тақырыбында кітапхана қызметкерлерінің секция отырысы өтті. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлеріне мектеп кітапханасын электронды жүйеге енгізу бойынша цифрландыру, кітапханашы жұмысының тиімділігін арттыру, пайдаланушыларға ақпараттық қолдау көрсету, «Балалар кітапханасы» – кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру жұмыстары бойынша ақпараттық - әдістемелік көмектер көрсетіліп, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді. Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 157 кітапхана қызметкерлері қатысты.

     

География пәнінің мұғалімдеріне арналған әдістемелік секция отырысы өтті 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылы 12 тамызда «География сабағында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік орталығының мәжіліс залында онлайн режимінде география пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік секция отырысы өтті. Аталған іс-шараға барлығы 372 педагог қатысты. Секция отырысының барысында «География сабағында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері» әдістемелік нұсқау хат бойынша, география пәні бойынша атқарылған іс-шаралар, сапалы білім беруде функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөліктерін, сабақ үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану, оқушы бойында түйінді, әрі пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру, проблемалық оқытудың әдістемесін жүзеге асыру, білімді бақылауды автоматтандыру мен дидактикалық проблемаларды шешу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

      

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 12 тамыз күні «Бастауыш мектепте оқушылардың кең ауқымды дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті. Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдеріне 2024-2025 оқу жылында білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері мен басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер, 1-4-сыныптардың оқу пәндерінің мазмұны мен апталық оқу жүктемесі, ішкі және сыртқы бағалау ерекшеліктері, жасанды интеллект мүмкіндіктері мен ЖИ арқылы ұсынылатын тапсырмалар түрлері, функционалдық сауаттылық пен STEAM білім берудің артықшылықтары мен іске асыру жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға 1328 педагог қатысты.